Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді

Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Спорт шағын ауданында профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шара барысында өрт сөндірушілер №21, 22, 23, 24 және 25 мекенжайдағы үйлерге барып, тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі және улы газбен уланудың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Тұрғындарға электр құралдарын және жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері еске салынды, газдың таралу белгілері және қауіпті жағдай туындаған кезде қабылдануы тиіс әрекеттер түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға өрттің алдын алу және улы газдан қорғану шаралары туралы жадынама парақшалары таратылды.

Аталған профилактикалық іс-шаралар халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.