Шымкентте Қазақстан ТЖМ үшін алынған L 410 үшінші ұшағын қарсы алды

Шымкентте Қазақстан ТЖМ үшін алынған L 410 үшінші ұшағын қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа көпмақсатты L-410 ұшағын қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Әуе кемесі ТЖМ авиациялық паркіне қосылған үшінші үлгі болып табылады және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін едәуір арттыруға арналған.

Рәсімге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев, «Қазавиаспас» АҚ бас директоры Алпамыс Камалов қатысты. Олар өз сөзінде, авиациялық парктің жаңартылуы құтқару бөлімдерінің мүмкіндіктерін күшейтуге, әрекет ету уақытын қысқартуға және Оңтүстік өңірінің төтенше қызметтерінің мобильділігін арттыруға маңызды қадам болып табылатының айтып өтті.

Жаңа авиатехниканың Шымкент қаласында орналасуы ерекше мәнге ие. Бұл қала еліміздегі үшінші мегаполис және стратегиялық маңызды орталық болып есептеледі, онда ірі инфрақұрылымдық және өндірістік объектілер шоғырланған.

Жаңа L-410 ұшағы 19 жолаушы немесе 1800 кг жүк тасымалдауға қабілетті, дайындалмаған алаңдарға қонуға мүмкіндік береді және –50°С-тен +50°С-қа дейінгі температурада жұмыс істей алады. Бұл көрсеткіштер оны қолжетімсіз аймақтарда және ауыр климаттық жағдайда тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұшақ санитарлық авиация тапсырмалары үшін де пайдаланылуы мүмкін. Ұшақ борты заманауи тасымал қабілетімен жабдықталған науқастарды тасымалдауға арналған құралдармен қамтамасыз етілген, қажет болған жағдайда қосымша медициналық техникалармен жабдықталуы мүмкін.

Жаңа ұшақтың жеткізілуі Шымкент гарнизонының жеке құрамы үшін маңызды оқиға болды. Жеке құрам жаңа авиатехниканың кәсіби әлеуетті күшейтетінін, жедел әрекет ету қабілетін арттыратынын және төтенше жағдайларды жою кезінде мүмкіндіктерді кеңейтетінін атап өтті. Бүгінде Шымкент гарнизоны заманауи техникамен, жабдықпен және байланыс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Бұл қазіргі талаптарға сай келеді және кез келген сәтте қызметтік міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.