
Улы газ — түссіз әрі иіссіз. Көп жағдайда улану қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамаудан болады. Шымкентте жылыту маусымы басталғалы үй жағдайында улы газдан улану фактілері жиілей түсті. Осыған байланысты ТЖ департаментінің қызметкерлері Қайнарбұлақ тұрғын алабында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрболат Педен:
«Тұрғындар пешті дұрыс пайдаланып, мұржаны әр 3 ай сайын тазалап отыруы керек. Қайнарбұлақта халықтың басым бөлігі пешпен жылытады, сондықтан бұл аумақта профилактикалық жұмыс күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр», – деді.
Алдын алу шаралары барысында мамандар:
▪️ газосигнализатор мен желдеткіштің маңызын түсіндірді
▪️ жадынамалар таратты
▪️ мұржаларды арнайы құрылғымен тазалады
Мұндай шаралар Әл-Фараби және Еңбекші аудандарында да жалғасуда.