
Бүгін 112 пультіне Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елтай елді мекенінде сиырдың 3 метрлік тереңдіктегі кәрізге құлап кеткені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, жануарды қауіпсіз жерге шығарды.
Құтқарылған сиыр иесіне табысталды.
Біз үшін әрбір өмір қымбат!