ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы №651 ж/қ бұйрығына сәйкес, 21 қазаннан бастап азаматтық қорғау полковнигі Руслан Нұрланұлы Орынбеков Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Руслан Нұрланұлы Орынбековті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметінде сәттілік пен табыс тілейді!