Шымкент циркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шымкент циркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шымкент циркінде шартты өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Мәдени-ойын-сауық мекемелерінде өртті сөндіру».

Оқу-жаттығу барысында мына іс-қимылдар пысықталды: өрт шыққан жағдайда персоналдың әрекеттері, өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін көрермендерді эвакуациялау, алғашқы бөлімшелерді қарсы алу және олардың іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау тәртібі бойынша нысан әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау.

Бұдан бөлек, жедел ден қою, дабыл бойынша жеке құрамды жинау және шығу, барлау жүргізу, өрт сөндіру оқпандарын беру, магистральды желі төсеу арқылы өрт сөндіру автокөлігін  өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне  қою шаралары да пысықталды.

Оқу-жаттығуға Шымкент қаласы ТЖД-ның 80 қызметкері және 13 техникасы қатысты.

Оқу-жаттығу соңында басшылық тарапынан егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, кезекші қарауылдар мен цирк персоналының іс-қимылдары сарапталды, әрбір лауазымды тұлғаның жұмысына баға берілді.