Департаменттің психологиялық қызмет тобының мамандарымен жеке құрам арасында ЖРВИ-дің алдын алуға бағытталған іс-шаралары өткізілді.
Күз-қыс маусымында ЖРВИ жиі кездесетіндігіне байланысты, дәрігер мамандарды тарта отырып жеке құрамы арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қызметкерлерге жеке гигиена сақтау – қолды жиі жуу, бөлмелерді желдету, бетперде тағу, иммунитетті нығайту – дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, жеткілікті ұйқы, вакцинацияның маңызы, аурудың алғашқы белгілерінде дер кезінде дәрігерге қаралу сияқты маңызды тақырыптар түсіндірілді.