Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 101 қызметіне хабар түскен сәттен өрт сөндіру жұмыстары толық аяқталғанға дейінгі атқарылған іс-қимылдарға талдау жүргізілді.
Аталған талдау 2025 жылғы 14 тамызда Әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан әкімшілік ғимаратта орын алған өртке байланысты ұйымдастырылды.
Жиын барысында өрттің шығу себептері, жеке құрамның атқарған іс-әрекеттері және қауіпсіздік шаралары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету бойынша ұсыныстар берілді.
Бұл талдаудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайларға кәсіби тұрғыда дайындықты күшейту, жеке құрамның іс-әрекеттерін жетілдіру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.