
2025 жылғы 1–2 қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына орай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала аумағындағы білім беру мекемелерінде өрт профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында мектеп қызметкерлерімен нұсқама жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекеттер түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері баяндалып, жадынамалар таратылды. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібі көрсетіліп, практикалық жаттығулар жасалды.
Жалпы 169 мектеп қамтылып, 19 145 оқушы мен педагогикалық құрамға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
ТЖ департаменті мамандарының айтуынша, мұндай шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Естеріңізде болсын: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі!