Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

ҚР ҰКП «Атамекен» Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оқу-жаттығуларды тиімді ұйымдастыру тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.

 Отырысқа Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н. Педен және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі А. Байташев төрағалық етті.

 Жиынға қаладағы ірі сауда орталықтарының, базарлардың, білім беру және медициналық мекемелердің, сондай-ақ халық көп жиналатын орындардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.

 Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланып, оқу-жаттығулардың сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, нысандардағы  өрт қауіпсіздігі мен  азаматтық қорғау талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.