Балалар қауіпсіздігі – басты назарда. Олардың өмірі мен денсаулығын қорғау – әр ата-ананың тікелей міндеті. Осы мақсатта Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуді. Негізгі мақсат – балалардың көпқабатты үйлердің жоғары қабаттарынан құлауын болдырмау.
Осындай түсіндіру жұмыстары Абай ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерде өтті. ТЖД мамандары пәтерлерді аралап, ата-аналарға терезе маңында балаларды қараусыз қалдырудың қауіптілігі, қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары, балалармен алдын ала қауіп туралы әңгімелесудің маңызы жайлы түсіндірді. Тұрғындарға арнайы жадынама парақшалары таратылды.
Көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылды. Осындай бір пәтерде жеке кәсіпкердің демеушілігімен терезе бекіткіштері орнатылды. Мамандар балалардың өмірін сақтау үшін қарапайым, бірақ маңызды қадамдарды іс жүзінде көрсетті.
Іс-шараны «Оңтүстік» телеарнасының «112» бағдарламасы ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеді. ТЖД қызметкерлері тікелей эфирде көрермендерді қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырды.
2025 жылдың басынан бері 159 көппәтерлі үй араланып, 2670 тұрғынға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, 1200 жаднама таратылды. 111 терезеге арнайы қауіпсіздік бекіткіштері орнатылды.
Шымкент қаласы ТЖД ескертеді: