Тыйым салынған жерлерде шомылмаңыздар — бұл қауіпті!

Тыйым салынған жерлерде шомылмаңыздар — бұл қауіпті!

Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп жүйелі түрде профилактикалық рейдтер жүргізуде.

Құтқарушылардың қатаң бақылауында тек ресми жабдықталған демалыс орындары ғана емес, сондай-ақ шомылуға арналмаған аймақтар да бар. Олардың қатарында Бадам өзені де бар.

Осыған орай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының өкілдерімен және Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп Бадам өзені маңындағы су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында азаматтарға мына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы түсіндірілді:

  • тыйым салынған жерлерде шомылмау;
  • тек арнайы белгіленген және қауіпсіздік талаптарына сай жерлерде суға түсу;
  • балаларды судың жағасында ересектердің қарауынсыз қалдырмау;
  • құтқару құралдарын қолдануды ұмытпау.

Сонымен қатар, тұрғындарға су айдындарын пайдалану және қауіпсіздік қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 және 412-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.

 

 Есіңізде болсын: денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда!