Кәсіби қызмет барысында туындайтын теріс факторлардың алдын алу шарасы өтті

Кәсіби қызмет барысында туындайтын теріс факторлардың алдын алу шарасы өтті

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен қызметкерлердің психологиялық денсаулығын нығайтуға және әлеуметтік сипаттағы жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кездесулердің негізгі тақырыптары — экстремизм, терроризм, суицид, сыбайлас жемқорлық, лудомания және басқа да деструктивті көріністер мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру болды.

Іс-шара дәріс түрінде, диалог және практикалық жағдайларды талқылау элементтерімен өткізілді. Департаменттің психологы мен жеке құрам жөніндегі инспекторы, сондай-ақ дін істері басқармасынан шақырылған теолог мамандар қызметтік тәжірибеден алынған нақты мысалдарды келтіріп, мұндай профилактикалық жұмыстардың маңыздылығын, ұжым ішіндегі командалық өзара іс-қимыл мен қолдаудың рөлін атап өтті.

Осындай профилактикалық іс-шаралар қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын арттыруға, кәсіби тәуекелдерді азайтуға және Шымкент қаласы ТЖД ұжымындағы моральдық-этикалық ахуалды нығайтуға ықпал етеді.