Түркия Республикасының тәжірибесі зерделенді

Түркия Республикасының тәжірибесі зерделенді

Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы «Bertas KZ» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. Мақсат – төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

 Кездесу барысында  төтенше жағдайлар кезінде халықты оқытуға арналған оқу-симуляциялық орталықтар, төтенше жағдайлар қызметтеріне арналған мобильді модульдік шешімдер (мобильді госпитальдар,  далалық асханалар және т.б.), сондай-ақ Түркияның Султанбейли қаласындағы төтенше жағдайларды үйлестіру орталығы таныстырылды.

Аталған шешімдер төтенше жағдайлар кезінде халық пен құтқарушылардың іс-қимылдарын оқытуда жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.