Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде, 2025 жылғы 24 шілде күні сағат 10:00-де қала аумағында электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы «Баршаның назарына!» сигналы берілетінін хабарлайды.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан оқу-жаттығу аясында қосылған дабылға түсіністікпен қарап, тыныштық сақтауды және дүрбелеңге түспеуді сұраймыз!