Жаңартылған жазғы форма: шымкенттік құтқарушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі

Жаңартылған жазғы форма: шымкенттік құтқарушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі

Сапалы әрі заманауи жабдықпен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізетін құтқарушыларына жаңа жазғы формасы берілді. Жаңартылған қызметтік форма жаз мезгілінде құтқарушылардың жұмысын барынша ыңғайлы және қауіпсіз етеді.

Құтқарушылардың арсеналында: құтқару желеті, гидрофутболка, шорты, бас киім, аквааяқ киім,
жүзуге арналған құтқару буы бар.