Шымкенттік спортшылар өрт-құтқару спортынан республикалық чемпионатта топ жарды

Шымкенттік спортшылар өрт-құтқару спортынан республикалық чемпионатта топ жарды

2025 жылғы 16-19 шілде аралығында Қостанай облысы, Тобыл қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтіп жатыр. Жарыстарға Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің спортшылары да қатысып, үздік нәтиже көрсетуде.

Атап айтқанда, жасөспірім ұлдар арасында өткен XIV жазғы чемпионатта 100 метрлік кедергілер жолағында орта топтан Шевцов Кирилл жоғары нәтижеге қол жеткізіп, І орынды жеңіп алды.

Ерлер арасында өтіп жатқан XXXI жазғы чемпионатта 100 метрлік кедергілермен жүгіру жарысында Мауланов Сарвар өзінің шеберлігі мен жылдамдығын дәлелдеп, І орынды иеленді.

Сондай-ақ, әйелдер арасында өтіп жатқан XI жазғы чемпионатта шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілу жарысында Салмина Валентина жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды қанжығасына байлады.

Шымкенттік спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз еселене берсін!