Бүгін Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «ТЖМ 30 жылдығына», «Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл» және «Қазақстан халқы тілдері күні» аясында зияткерлік конкурс өткізілді.
Зияткерлік конкурстың мақсаты – қызметкерлердің дене дайындығын, логикалық ойлауын тексеру, кәсіби және тұрмыстық ортада қазақ тілін дамыту, стресстік жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қозғалыстарды үйлестіру және стандартты емес жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру.
Конкурс үш кезеңнен тұрды:
✅ «Баспалдақ + дабыл баспалдағы + қазақ тілі»
✅ «Логика және кедергілермен жүгіру»
✅ «Үстел үсті-әткеншек»
Конкурс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Рамазан Садықұлы Наурызбай
🥈 2-орын – №3 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрболат Талғатұлы Қази
🥉 3-орын – №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Абдрахман Абдібекұлы Жолтай иеленді.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Мұндай байқаулар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, ұжымдағы командалық рухты нығайтады.