Қазақстан ТЖМ басшысы Шымкент құтқарушыларына тұрғын үй, нысанды киім-кешек пен техника табыс етті

Қазақстан ТЖМ басшысы Шымкент құтқарушыларына тұрғын үй, нысанды киім-кешек пен техника табыс етті

  Шымкент қаласының орталық алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне техника, қызметтік тұрғын үй мен нысанды киім-кешек тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

  Іс-шара Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен өтті.

  Материалдық-техникалық базаны жаңғырту жөніндегі ведомстволық бағдарлама шеңберінде өңірге заманауи құтқару және өрт техникасының рекордтық көлемі жіберілді, бұл еліміздің оңтүстігіндегі ТЖМ бөлімшелерінің әлеуетін нығайтудағы маңызды кезең болды.

  Сонымен қатар осы күні ТЖД-ның 25 қызметкері «Qamqor» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілген жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен қызметкерлерге жаңа нысанды киім-кешек берілді.

  «Бүгінгі оқиға тек автопаркті жаңарту және кілттерді беру ғана емес. Бұл мемлекеттік саясатты іске асырып жүрген құтқарушылардың бейнесі. Оның қауіпсіздігі, тұрмысы, қадір-қасиеті. Біз құтқарушы мамандығы құрметті, ауқатты және беделді болуы үшін барлығын жасауды жалғастырамыз», — деп министр Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Жаңғырту және әлеуметтік қолдау жөніндегі ведомстволық бағдарлама еліміздің түкпір-түкпірінде — қазақстандық құтқарушылар жұмыс істейтін әрбір өңірде дәйекті түрде іске асырылатын болады. Бұл төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға және бірінші болып көмекке келетін жандарға қоғамның сенімін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс.