Аңдатпа

Аңдатпа

11 шілдеде сағат 14.00-де Шымкент қаласындағы Астана алаңында жаңа өрт техникасының кілттері  мен ТЖД қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.

Салтанатты шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысады.

Сонымен қатар сағат 16:40-та өрт-сынақ зертханасының жаңа ғимаратының ашылуы (Н. Назарбаев даңғылы, 151/1), сағат 17:20–да азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған жаңа медициналық орталықтың салтанатты ашылуы (Театр көшесі №11).

Бұл бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде іске асырылады, азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртуға, оның тиімділігін арттыруға және қызметкерлер үшін қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға бағытталған.

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметіне

+7 778 928 18 16 телефонына хабарласыңыздар