Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрам мен жас мамандардың қатысуымен Елорданың дамуы мен өркендеуі үшін жастардың бойында мақтаныш сезімін қалыптастыру және тәрбиелеу, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау мақсатында азаматтық қорғау органдары ардагерлерімен танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Елорда күніне арналған деректі фильмдер мен бейнероликтер көрсетіліп, мерекенің шығу тарихына шолу жасалынды.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында төтенше жағдайлар саласында аянбай еңбек етіп, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайту жолындағы көп жылғы адал еңбегі үшін және өздерінің бай тәжірибесімен жас буынға үлгі бола білген ардагерлерімізге ҚР ТЖМ «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Ардагерлер сапта» кітабы естелікке табыс етілді.