Судағы демалыс -қауіпсіз ережелерді сақтаудан басталады

Судағы демалыс -қауіпсіз ережелерді сақтаудан басталады
     Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, Маятас су қоймасында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында демалушыларға судағы жүріс-тұрыс ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кеңестер берілді.
     Азаматтарға рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, балаларды қараусыз қалдырмау және құтқару құралдарын пайдалану қажеттілігі ескертілді.
 
 Судағы қауіпсіздік бойынша ұсынылатын шаралар:
•Тек арнайы рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылыңыз;
•Қанша жақсы жүзсеңіз де, жағадан аспаңыз;
•Балаларды су маңында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
•Су айдынына мас күйде түспеңіз;
•Қажет жағдайда құтқару жилеттерін қолданыңыз;
•Ауа райын қадағалаңыз – қатты жел немесе найзағай кезінде шомылмаңыз.
 
⚠️ Қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы өз өміріңізді және жақындарыңызды қорғауға болады.