МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ

 Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Олжас Хайроллаұлы Құспеков жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында департамент басшылығымен және жеке құрамымен азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы басым жұмыстар мен міндеттер талқыланды.

Депутат департаменттің материалдық-техникалық базасымен, кезекші-диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысып, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Хайроллаұлы заң шығарушы және атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, құтқару қызметтерінің инфрақұрылымын жаңғырту, мамандардың кәсіби дайындығын арттыру және тұрақты қаржыландыру мәселелерінің өзектілігін ерекше атап өтті.

Сапар соңында депутат құтқарушыларға халықтың қауіпсіздігі жолындағы адал еңбектері үшін алғыс айтып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.