2025 жылғы 27 маусымда Төтенше жағдайлар басқармаларының бастықтары мен орынбасарларына және анықтаушыларға «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР БП 2018 жылғы 3 қаңтардағы №2 бұйрығының «Электрондық қылмыстық іс» модулі – электрондық қылмыстық істі дайындауды, жүргізуді, жөнелтуді және сақтауды ұйымдастыруға арналған СДТБТ-ның функционалын, сондай-ақ, талдамалық қызметті жүзеге асыру үшін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру саласында АРМ СДТБТ функционалын пайдалануды үйрету бойынша қосымша сабақ өткізілді.
Сабақ барысында Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығы талқыланып, Анықтау бөлімінің қызметкерлерімен СДТБТ ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді.