Хабарландыру

Хабарландыру

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына құжат қабылдау жүргізеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде (18.06.2025-01.07.2025 ж. аралығы).  

Құжат қабылдау орны: Шымкент қ. Нұрсәт тұрғын үй алабы, 4542 ғимарат,

электрондық адрес ok_dchs_shym@emer.kz

 

Бос лауазымдар: Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (C-SV-13)–3 бірлік. МЖ - 3.

Лауазымдық нұсқаулықтары: бекітілген техникалардың, құралдардың өрт-техникалық жарақтар мен саймандардың жарамды жағдайда болуына жауап береді. Бөлімнің шығу ауданын, маңызды және өрт туындау қауіпі бар нысандардың, су көздерінің, сонымен қатар өрт сөндіру автокөліктерінің және басқа да өрт техникаларының тактикалық-техникалық көрсеткіштерін жақсы білуге. Жалақы мөлшері 153 433 теңгені құрайды.

Біліктілік талаптар: Орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер:

  1. Қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
  2. Құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  3. Құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  4.      Қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
  5. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
  6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;
  7.      Бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.

Кандидат мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген)   1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

4) Жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі, В, С категориялы жүргізуші куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) сауалнама;

10) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.