Қан тапсыр – өмір сыйла!

Қан тапсыр – өмір сыйла!

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері «Донор күні» аясында қан тапсырып, игі іс жасады.

14 маусым – Бүкіләлемдік донор күні Департамент қызметкерлері өз әрекеттерімен өзгелерге үлгі болып, адам өмірін сақтауға үлестерін қосты. Бұл игі бастама – адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі. Донор болу – біреуге өмір сыйлау, үміт сыйлау. Қызметкерлердің айтуынша, қан тапсыру – әрбір азаматтың қоғам алдындағы маңызды борыштарының бірі.