Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шымкент қаласы бойынша филиалы қызметкерлері, Қазығұрт және Қызыл-Әскер трассалық медициналық-құтқару пункттерінің қызметкерлері арасында достық футбол жарысын ұйымдастырды.
Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Командалық рух пен спорттық бәсеке көрініс тапқан додада Қазығұрт ТМҚП құрамасы үздік ойын көрсетіп, жеңіске жетті.
Бұл шара медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған құрметтің бір көрінісі ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған игі бастама болды.