Шомылу маусымы қарқын алған тұста Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан ашық су айдындарында – «Қошқар ата» және «Қарасу» өзендері, «Ақсай Қарабастау» және «Жана шек» арналары бойында тұрғындарға “Судағы қауіпсіздік” тақырыбында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар азаматтарға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.
⠀
Құрметті ата-аналар! Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз:
🔹 Шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;
🔹 Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
🔹 Қалқымалардан асып жүзуге болмайды;
🔹 Мас күйінде суға түсу өміріңізге қауіпті;
🔹 Су көліктеріне тым жақын жүзбеңіз.
⚠️ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.