Кәсібиліктің психологиялық негізі

Кәсібиліктің психологиялық негізі

Кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыру: оқу орталығында психологиялық дайындық сабағы өтті.

«ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» ММ Шымкент қаласы оқу орталығының тыңдаушыларына Төтенше жағдайлар департаменті психологымен кәсіби-психологиялық дайындық бойынша «Төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің кәсіби маңызды қасиеттері» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты — қауіп пен күйзеліс жағдайларында тиімді жұмыс істеуге қажет тұлғалық қасиеттерді дамыту.

Сабақ барысында тыңдаушылар құтқарушы мамандығына тән негізгі кәсіби маңызды қасиеттермен танысты: стресске төзімділік, жауапкершілік, өзін-өзі бақылау, шұғыл шешім қабылдау қабілеті және топпен үйлесімді жұмыс жасау.

Практикалық бөлімде топтық пікірталастар және жаттығулар өткізілді.

Осындай сабақтар тыңдаушылардың кәсіби талаптарға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және болашақ қызметке психологиялық тұрғыдан дайындау үшін қажет.