Түнде Шымкент қ. Қаратау ауданында Сайрам тұрғын алабында Новостройка көшесі бойынша орналасқан мал қораның шатырының жануы орын алды.
Келген бойда ашық жалын нысанның едәуір алаңын алғандықтан өрттің рангі көтерілді. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан қауіпсіз жерге 13 оттегі баллоны мен 12 газ баллонын шығарып, олардың жарылуына жол бермеді.
Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ете отырып және оқпандарды өрттің бірден бірден 3 ошағына бере отырып, жауынгерлер жақын арада өртті оқшаулап, кейін оны 960 м2 алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен 21 бірлік техника мен 64 қызметкер, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығынан бір бригада жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.