Мемлекеттік рәміздер - мақтаныш пен мәртебе

Мемлекеттік рәміздер - мақтаныш пен мәртебе

4 маусым - еліміздің маңызды күндерінің бірі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын білдіретін мызғымас негіздердің бірі. Олар – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, ерлігін, даналығын, болашаққа деген үміті мен армандарын бейнелейтін аса маңызды құндылықтар.Бұл күн еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына арналады. Осы айтулы мерекеге орай Шымкент қаласының құтқарушылары Мемлекеттік Әнұранды салтанатты түрде орындап, құрмет көрсетті.

Осы күні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, арнайы іс-шара өткізді. Мемлекеттік Әнұран орындалып, ғимараттың қасбетіне Ту салтанатты түрде көтерілді.

Мұндай шаралар азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, жастарға патриоттық тәрбие беруге, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр азамат пен келер ұрпақтың қасиетті парызы.