Бақыттың кілті - балалардың күлкісінде

Бақыттың кілті - балалардың күлкісінде

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлердің балаларына «Ашық есік» күні өткізілді.

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген мерекелік іс-шарада балаларға өрт сөндіру автокөліктері мен құрал-жабдықтары таныстырылып,  судағы және өрттегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар Апаттар медициналық орталығының мамандары  алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін үйретті. Ал  қызметтік ит Еваның  мойынсынушылық пен ептілік шеберлігі балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 Балалардың  қатысуымен  «Шекарасыз қауіпсіздік» атты спорттық ойын-сауық эстафетасы ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен  марапатталды.

Аталған іс-шара барысында ата-анасының қызметімен танысып, тартысты жарысқа қатысып, би билеп, ән айтқан балалар бұл күннен керемет әсер алды.