Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараға шақырады.
Іс-шара күні: 2025 жылғы 29 мамыр
Басталуы: сағат 11:00
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Наурыз алаңы
Іс-шара аясында:
•Сурет байқауы
•Өрт сөндіру техникасы мен арнайы жабдықтар көрмесі
•Кинологиялық қызмет иттерінің көрсетілімі
•Қауіпсіздік сабақтары мен алғашқы медициналық көмек бойынша шеберлік сағаттары
•Балаларға арналған ойындар мен байқаулар
•Жеңімпаздарды марапаттау
Бұл – балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әрі есте қалатын жарқын күн болмақ!