Еңбекші ауданында тұрғындарға қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары

Еңбекші ауданында тұрғындарға қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары

Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар басқармасы мен Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан «Бадам» су қоймасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпарат беріліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.
Сондай-ақ Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен аудандық ТЖБ, газ инспекциясы басқармасының мамандарымен бірлесіп, 12 шағынауданы аумағындағы Ш.Уәлиханов көшесі №223В, 223Г көпқабатты үйлердің тұрғындарына арнайы жиналыс өткізілді.

Кездесу барысында тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпқабатты үйлердің терезелеріне қорғаныс тор орнатудың маңыздылығы айтылды.