Тұран аудандық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен және қала әкімінің қаулысына сәйкес шомылуға тыйым салынған аумақтарға рейдтік іс-шара жүргізілді. Шара барысында рейд қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі - «Авто-нұр» базарында жалғасын тапты.
Рейд аясында 70-80 үйді қамтып, 500-ге жуық адамға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтарға арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Мұндай шаралар тұрғындар арасында судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.