Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10716 тіркелді.
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 70-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
Қ. Қасымов |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
республикалық – еліміздің барлық аумағында;
аумақтық – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде;
объектілік – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Салалық кіші жүйесінде азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар тиісті орталық атқарушы органдарымен ұйымдастырылады және өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-1. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қалалардың, қаладағы аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы 1 - 10 қараша аралығында уәкілетті органы аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Азаматтық қорғанысқа басшылық ету және басқару
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;
3) тікелей бірінші басшыға бағынатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардағы азаматтық қорғанысы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Азаматтық қорғаныс жоспары
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
республикалық деңгейде – уәкілетті органы;
салалық кіші жүйеде – орталық атқарушы органның азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшесі мен аумақтық деңгейде оның аумақтық бөлімшелері;
аумақтық деңгейде – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және соғыс уақытында жұмысты жалғастыратын атқарушы органдармен бірлесіп;
объектілік деңгейде – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар әзірлейді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
орталық атқарушы органдар үшін – құпия;
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстар, қалалар үшін – құпия;
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалық және ауылдық аудандар, қалалар үшін – "қызмет бабында пайдалану үшін";
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін – мемлекеттік құпиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйым басшысының шешімі бойынша құпиялық белгісі белгіленеді.
4-тарау. Азаматтық қорғау қызметтері және күштері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, азаматтық қорғаудың облыстық, аудандық, қалалық қызметтерін құратын ұйымдарды айқындайды. Қызметтер құрамына бірнеше ұйым кіре алады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының Үкіметі;
аумақтық деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі айқындайды.
республикалық қызметтерде – базасында қызметтер құрылған министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшылары;
облыстық, аудандық, қалалық қызметтерде – қолданыстағы басқару құрылымынан шыға отырып, базасында қызметтер құрылған ұйымдардың бірінші басшылары болып табылады.
халықты қорғау және төтенше жағдайлар салдарының, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының залалын азайту жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын жоспарлау және қамтамасыз ету;
авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
азаматтық қорғау құралымдарын құру және даярлау, мақсаты бойынша жұмыстарды жүргізу үшін оларды әзірлікте ұстау;
бағыныстағы органдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру, оларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаудың басқару, халықты төтенше жағдайлар қаупі және оның туындауы туралы, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану туралы құлақтандыру және хабарлау жүйелерін құруды және әзірлікте ұстауды қамтамасыз ету;
радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) залалдануды (ластануды) тұрақты қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру;
тиісті басқару органдарымен және әскери қолбасшылықтың, ішкі істер органдарының күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қолдау;
бағынысты ұйымдардың эвакуациялау іс-шараларына басшылық ету, қауіпсіз аймақта орналастыру аудандарын алдын ала дайындау бойынша шаралар қабылдау;
азаматтық қорғаныс жоспарларын және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағынысты буындардағы жоспарлауға басшылық ету;
авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге шешімдер қабылдау үшін тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына ұсыныстар дайындау;
тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары алға қойған міндеттерді орындау кезінде бағынысты қызметтердің күштері мен құралдарына басшылық ету;
төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, салалар мен ұйымдар жұмысының тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға басшылық ету;
қызметтердің құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларының барлық кешеніне тікелей басшылық етуді жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Резерв құрамына эшелондар құрамына кірмеген азаматтық қорғау құралымдары, шалғай аудандардың (ауылдық) азаматтық қорғаныс күштері, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындағаннан кейін зақымдау ошақтарынан шығарылған күштер мен құралдар енгізіледі.
5-тарау. Эвакуациялық іс-шаралар
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
эвакуациялық комиссиялар (орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда);
эвакуациялық қабылдау комиссиялары (эвакуацияланатын және таратылатын халықты қабылдау мен орналастыруды жүзеге асыратын ауылдық аудандарда, қалаларда);
эвакуациялық жинау пункттері;
эвакуациялаудың аралық пункттері;
эвакуациялық қабылдау пункттері;
зардап шеккен халықты қабылдау пункттері (баспанасыз қалған, санитариялық шығындар, қайтарылмайтын шығындар).
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссиясының құрамын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органның, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдардың келісім бойынша айқындайды.
Эвакуациялау комиссияларының төрағалары болып орталық (жергілікті) атқарушы орган, азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйым басшысы орынбасарларының бірі, ал эвакуациялық қабылдау комиссияларының төрағалары – жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары тағайындалады.
Эвакуациялық комиссия әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-1-қосымшада айқындалған.
Эвакуациялық қабылдау комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-2-қосымшада айқындалған.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әр жинау пунктіне реттік нөмір беріледі. Барлық эвакуациялық жинау пункттері міндетті түрде тиісті эвакуациялық комиссиялармен, жаяу эвакуациялау бағыттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және эвакуацияланатындарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік органдарымен тікелей байланыспен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда эвакуациялық жинау пункттерінде халыққа газқағарларды беру пункттері құрылады.
Эвакуациялық жинау пунктінде мына құжаттар:
1) эвакуациялық жинау пункті лауазымдық тұлғаларының міндеттері;
2) эвакуациялық жинау пункті жеке құрамының тізімі, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірлері);
3) эвакуациялық жинау пунктін ұйымдастыру және жеке құрамды тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінен үзінді;
4) эвакуациялық жинау пунктінен жіберілетін ұйымдар, эвакуациялық комиссиялар (қалалық, аудандық), көлікке отырғызу пункттері телефондарының тізімі;
5) эвакуациялық жинау пункті аумағындағы ұйымдар тізімі және оларды жіберу мерзімдері;
6) эвакуациялық жинау пункті аумағының және олардың мақсаты бойынша үй-жайлар схемасы (жоспары);
7) эвакуациялық жинау пунктіне бекітілген жақын арадағы қорғау құрылыстарының тізбесі;
8) эвакуациялық жинау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және оларды жіберу кестесі;
9) тасымалдауға өтінім үлгісі;
10) эвакуациялау куәлігінің үлгісі мен оны беру туралы ақпарат әзірленеді.
Эвакуациялық жинау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-3-қосымшада айқындалған.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Эвакуациялаудың аралық пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-4-қосымшада айқындалған.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Эвакуациялық қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-5-қосымшада айқындалған.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
50-1. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері төтенше жағдайлар түріне қарай төтенше жағдайлар салдарларын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған.
Зардап шеккен халықты қабылдау әкімшілігі пунктінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-6-қосымшада айқындалған.
Ескерту. 5-тарау 50-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
50-2. Эвакуациялық жинау пункттерінің, эвакуациялаудың аралық пункттерінің, эвакуациялық қабылдау пункттерінің, зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің құрылымын және санын эвакуацияланатын (келіп жатқан) халықтың санын және оны қамтамасыз етумен байланысты іс-шаралардың көлемін есепке ала отырып, эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссиялардың басшылары анықтайды.
Ескерту. 5-тарау 50-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
50-3. Эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру үшін қосарланған мақсаттағы объектілер пайдаланылады.
Қосарланған мақсаттағы объектілерге эвакуациялық жинау пункттері, эвакуациялаудың аралық пункттері, эвакуациялық қабылдау пункттері ретінде пайдаланылатын әлеуметтік саладағы, адамдар жаппай болатын объектілер жатады.
Қосарланған мақсаттағы объектілер тізбесін эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссиялары анықтайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен бекітіледі.
Ескерту. 5-тарау 50-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) қалаларда және қауіпсіз аймақта тұратын халық, жұмылдыру ұйғарымы бар әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылуға жататын адамдар саны;
2) жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы санын, сондай-ақ ең көп жұмыс істейтін ауысым санын және ауысым жұмысының уақытын көрсете отырып, соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда өз қызметін жалғастырып жатқан ұйымдар тізбесі;
3) жұмысшылардың, қызметшілер мен олардың отбасылары мүшелерінің санын көрсете отырып, соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіретін ұйымдар тізбесі;
4) білім алушылар, сондай-ақ оқытушылық құрам мен қызмет көрсететін персонал санын көрсете отырып, оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің саны;
5) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың айналасындағы ықтимал қатты қираулар аймақтары, осы аймақтарда тұрып жатқан халық саны;
6) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тыйым салынған аудандар мен пункттер;
7) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру бойынша аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;
8) халықты орналастыру аудандарында қорғау құрылыстарының (паналайтын жерлердің, радиацияға қарсы жасырын паналардың, тау-кен қазбаларының, қарапайым жасырын паналардың), сондай-ақ сумен жабдықтау көздерінің болуы;
9) эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көлік мүмкіндігі;
10) жол желісі, оның жай-күйі және өткізу қабілеті;
11) жаяу тәртіппен халықты эвакуациялауға арналған бағдарлардың болуы және практикалық пайдалану мүмкіндігі;
12) тарату мен эвакуациялау туралы халықты құлақтандыруға, сондай-ақ эвакуациялау іс-шараларына басшылық етуге арналған байланыс құралдары мен жүйелері;
13) халықты тарату мен эвакуациялауды жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер;
14) көрші облыстардан келетін халық саны және олардың келу мерзімдері болып табылады.
1) бірінші топ – соғыс уақытында қалада (азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған) жұмыс істеуді жалғастыратын, сондай-ақ оның тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері;
2) екінші топ – соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшірген ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, министрліктер мен агенттіктер орталық аппараттарының қызметкерлері;
3) үшінші топ – педагогикалық қызметкерлер, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының студенттер мен оқушылары, оларға қызмет көрсететін персонал; мүгедектер мен қарттар үйлерінде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсететін персонал;
4) төртінші топ – 1 және 3-топтарға жатпайтын барлық халық.
1) санатталған қалалардан және төтенше жағдайлар аймақтарынан таратылатын және эвакуацияланатын халық саны;
2) қауіпсіз аймақта халықты орналастыру аудандары;
3) тарату және эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
4) көлікпен халықты әкетуді ұйымдастыру;
5) жаяу тәртіппен халықты шығаруды ұйымдастыру;
6) қауіпсіз аймақта халықты қабылдау және орналастыру жөніндегі іс-шаралар;
7) жасырын паналарды дайындау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімі және қауіпсіз аймақта таратылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі қорғау іс-шаралары;
8) төтенше жағдайлар аймақтарынан халықты эвакуациялау тәртібі мен мерзімдері;
9) санитариялық-эпидемияға қарсы және емдеу-эвакуациялау іс-шаралары;
10) тарату мен эвакуациялауды басқаруды ұйымдастыру, құлақтандыру тәртібі көрсетіледі.
1) әр қалалық аудан, ұйым, пәтер иелерінің кооперативі бойынша тарату мен эвакуациялауға жататын халық саны;
2) қауіпсіз аймақта халықты орналастыру аудандары мен пункттері;
3) тарату мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
4) тарату мен эвакуациялаудың басталуы және мерзімдері туралы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ жұмысшыларды, қызметшілерді және қалған халықты құлақтандыру тәртібі;
5) эвакуациялық органдар құрамы және оларды әзірлікке келтіру мерзімдері;
6) жаяу тәртіппен шығарылатын және көліктің барлық түрлерімен апарылатын халық саны;
7) халықты шығару және әкету бағыттары; бастапқы пункттері, аялдайтын орындар, реттеу пункттері, жаяу тәртіппен эвакуациялаудың әр бағдарындағы аралық эвакуациялау пункттері;
8) халық көлікпен әкету және жаяу тәртіппен шығару кезектілігі; 9) эвакуациялық жинау пункттері;
10) халықты көлікке отырғызу пункттері;
11) оны қауіпсіз аймақта түсіру пункттері;
12) халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар;
13) жасырын паналарды дайындау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімі және қауіпсіз аймақта таратылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
14) аралық эвакуациялау пункттерінен және түсіру пункттерінен оны орналастыру орнына дейін халықты тасымалдау үшін аудандар көліктерін пайдалану;
15) эвакуациялық іс-шараларды өткізу кезінде қадағалауды, басқару мен байланысты ұйымдастыру;
16) қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері объектілерге жұмысшылар ауысымын тасымалдау тәртібі көрсетіледі.
Аялдайтын орын аудандары мүмкіндігінше халықтың демалуы мен тіршілігін қамтамасыз етуге арналған орындардың болуын есепке ала отырып, таңдалуы тиіс. Соғыс уақытына аялдайтын орындарда халықты паналату үшін аялдайтын орындарда қарапайым жасырын паналар әзірленеді, жарықтық бүркеніш және демалу бойынша іс-шаралар қамтамасыз етіледі.
Егер тұрақты орналастыру аудандары тәуліктен артық жүретін қашықтықта болса, эвакуациялау пункттері құрылады. Олар келетін халықты өмір сүру үшін ең аз қажетті жағдайлармен (тамақтандыру, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету) қамтамасыз етуі тиіс.
Лектер қозғалысының жылдамдығы сағатына 4-5 шақырым, лектер арасындағы арақашықтық – 500 метрге дейін жоспарланады. Тәуліктік өту шамасы – 30-40 шақырым.
Демалуға арналған аялдау ұзақтығы: аз – 30-45 минут, көп – 2-4 сағат болып белгіленеді. Аз аялдау әрбір 2-2,5 сағат қозғалыс арасында, көп аялдау – тәуліктік өтудің екінші жартысының басында болды.
1) лектер тізбесі, олардың құрамы мен нөмірленуі;
2) қозғалыс бағыты;
3) лектердің бастапқы пункті, реттеу пункті және олардың өту уақыты, аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;
4) аралық эвакуациялау пункті немесе халықты орналастыру аудандары және оларға лектердің келу уақыты;
5) қосып берілген көлігі бар медициналық пункт және жылыну пункттері;
6) қадағалау бекеті;
7) бағытта және жоғары тұрған бастықпен байланысты ұстау тәртібі;
8) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және аралық эвакуациялау пункттерінде халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;
9) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіле отырып, схема әзірленеді.
1) лектің нөмірі мен құрамы;
2) қозғалыс бағыты;
3) бастапқы пункт, реттеу пункттері және оларды өту уақыты;
4) аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;
5) аралық эвакуациялау пункті немесе халықты орналастыру ауданы және лектің оларға келу уақыты;
6) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және аралық эвакуациялау пункттерінде халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;
7) медициналық пункттер және жылыну пункттері;
8) қадағалау бекеттері;
9) бағыт бастығымен байланысты ұстау тәртібі;
10) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіледі.
1) келетін ұйымдардың саны мен атауы және жұмысшылар, қызметшілер және олардың отбасы мүшелерін көрсете отырып, оларды елді мекендерге (қалалар көшелеріне) бөлу;
2) өз қызметтерін қаладан қауіпсіз аймаққа ауыстырған ұйымдарды орналастыру үшін жоспарланған өндірістік, қызметтік, әкімшілік, мәдени-тұрмыстық және басқа да ғимараттар мен құрылыстар;
3) таратылатын және эвакуацияланатын халықты түсіру пункттері;
4) эвакуациялық қабылдау пункттері, оларды орналастыру және әкімшілік құрамы, оларды әзірлікке келтіру мерзімдері мен тәртібі;
5) эвакуациялық қабылдау пункттерін келіп жатқан халықты жеке-жеке орналастыру орындарына жеткізу тәртібі мен мерзімдері; тасымалдауға арналған көлік құралдары (кім және қанша бөлген, бөлу уақыты);
6) таратылатын және эвакуацияланатын халыққа орындар дайындау, оларды тамақ өнімдерімен және бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетуді және келіп жатқан халықты қамтамасыз ету бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері;
7) жергілікті атқарушы органдар, эвакуациялау органдары басшыларын, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларын эвакуациялау іс-шараларының басталуы, түсіру пункттеріне адамдардың келу уақыты туралы құлақтандыру тәртібі;
8) радиациялық және химиялық қадағалауды ұйымдастыру, таратылатын және эвакуацияланатын халықты аумақтарға (азаматтық қорғаныс тобына жатпайтын қаланың) қабылдау және орналастыру кезеңіндегі басқару және ақпарат көрсетіледі.
6-тарау. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын жасаған кезде;
елді мекендердің бас жоспарларын жасаған кезде;
аумақтарды, елді мекендерді, өнеркәсіптік аймақтарды аудандық жоспарлау және салу схемалары мен жобаларын жасаған кезде;
ұйымдарды салу, кеңейту, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жобаларында;
кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту кезінде әзірленеді.
Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жобаның жоспарланған ауданының жай-күйі туралы бастапқы деректер, сондай-ақ бөлім мазмұны бойынша ұсыныстар береді.
Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7-тарау. Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азаматтық қорғаныс мүлкіне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған, жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың аумағында орналасқан, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары неғұрлым көп жұмыс істейтін ауысымға есептелуге және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылуға тиіс.
Азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін әзірлікте ұстап тұру және нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар азаматтық қорғаныс объектілер мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне өтеді.
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;
азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылысының жоспары;
объектіні әзірлікке келтіру жоспары;
жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесі;
басқару органдары телефондарының тізімі;
қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамының тізімі;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану схемасы (желдету, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылысын электрмен жабдықтау);
дизельді электр станциясына, сүзу-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық (болған жағдайда) болуы қажет.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Азаматтық қорғаныс |
|
|
нысан |
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
№ |
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1 |
Субъектінің (объектінің) сипаттамасы, оның ішінде: |
|
|
2 |
"Азаматтық қорғаныс жоспарлары мен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларының құрылымдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы |
|
|
3 |
Бұйрыққа сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы |
|
|
4 |
Басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің болуы және олардың жай-күйі |
|
|
5 |
Азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және оларды әзірлікте ұстау |
|
|
6 |
Азаматтық қорғау қызметінің басшы құрамын тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме) |
|
|
7 |
Азаматтық қорғаныс жөніндегі жауапты адамдарды, оның ішінде азаматтық қорғау құралымдары командирлерін тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме) |
|
|
8 |
Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан (қайта даярлаудан) өту |
|
|
9 |
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қорын құру және жинау, оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау |
|
|
10 |
Азаматтық қорғаныс және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету іс-шараларын орындау үшін жеке қорғау құралдарын, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстар қорын құру, жинау және уақтылы жаңарту |
|
|
11 |
Эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау |
|
|
12 |
Салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау |
|
|
13 |
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және оларды жүргізуге бөлінген және игерілген қаржы қаражатының саны |
|
|
14 |
Проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары |
|
Басшы _________________
|
|
(қолы) |
|
|
Азаматтық қорғаныс |
Эвакуациялық комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымы
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту:
Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып, эвакуациялық комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.
|
|
Азаматтық қорғаныс |
Эвакуациялық қабылдау комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымы
Ескерту. Қағида 1-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту:
Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып эвакуациялық қабылдау комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.
|
|
Азаматтық қорғаныс |
Эвакуациялық жинау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы
Ескерту. Қағида 1-3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту:
Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып эвакуациялық жинау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.
|
|
Азаматтық қорғаныс |
Аралық эвакуациялау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы
Ескерту. Қағида 1-4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту:
Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып аралық эвакуациялау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.
|
|
Азаматтық қорғаныс |
Эвакуациялық қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы
Ескерту. Қағида 1-5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту:
Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып эвакуациялық қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.
|
|
Азаматтық қорғаныс |
Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы
Ескерту. Қағида 1-6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту:
Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып зардап шеккен халықты қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.
|
|
Азаматтық қорғаныс |
|
|
нысан |
№ ____ паналайтын жер (радиацияға қарсы жасырын пана) паспорты
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жалпы мәліметтер
(қала, аудан, көше, үй нөмірі)
(паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын пана кімге тиесілі)
құрылыс-монтаждау ұйымының атауы ___________________________________
пананың) мақсаты _____________________________________________________
пайдаланатын ұйым ____________________________________________________
(жылы, айы, күні)
Техникалық сипаттама
ғимаратқа қосып салынған ____________________________________ қабаттар;
жеке тұрған _________________________________________________________;
тау-кен қазбаларда ____________________________________________________
қорғаныш-герметикалық _______________________________________________;
герметикалық _________________________________________________________
|
Желдету жүйесі |
Желдеткіштер |
Генерациялау сүзгілері мен құралдары |
Герметикалық клапандар |
Жарылысқа қарсы құрылғылар |
|||||
|
|
Түрі |
Саны |
Өнімділігі |
Түрі |
Саны |
Түрі |
Саны |
Түрі |
Саны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сорғылар |
Калориферлер немесе ауа салқындатқыштар |
Тоңазытқыш машиналар |
||||||
|
Түрі |
Саны |
Өнімділігі |
Түрі |
Саны |
Өнімділігі |
Түрі |
Саны |
Өнімділігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
____________________________________________________________________
(су құбырының түрі, ұңғыма, авариялық резервуарлар сыйымдылығы)
Қорғаныш құрылысын пайдаланатын ұйымның жауапты өкілі
____________________________________________________________________
Қолы
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің өкілі
____________________________________________________________________
Қолы
|
|
Азаматтық қорғаныс |
|
|
нысан |
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын
тексерудің № ____ журналы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
_______________________________________________________________
(Объект тиесілі ұйымның атау)
________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан
|
Тексеру күні |
Тексеру жүргізген адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні |
Тексерілген конструкциялар, механизмдер және жабдықтар |
Тексеру нәтижелері және кемшіліктер |
Кемшіліктерді жою мерзімі |
Кемшіліктерді жою күн |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
||||||
|
|
Азаматтық қорғаныс |
||||||
|
|
нысан |
||||||
№ ____ паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың
және ауа құрамындағы газдың көрсеткіштерін тіркеу
журналы
Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды– ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
____________________________________________________________________
(Кәсіпорынның, ұйымның, цехтың атауы және т.б.)
|
Күні мен уақыты |
Өлшеу орны |
Ауа температурасы Со |
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,% |
СО2 құрамы, % |
О2 құрамы, % |
СО құрамы, мг/м3 |
Өлшеуді жүргізген адамның тегі және қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|