Павлодар қаласының оқушылары №4 Өрт сөндіру бөлімі мен ТЖД мұражайына барды

Павлодар қаласының оқушылары №4 Өрт сөндіру бөлімі мен ТЖД мұражайына барды

Павлодар қаласының №4 Өрт сөндіру бөлімінде М.Жүсіп атындағы №19 орта мектеп, №7, №32 ЖОББМ, сондай-ақ Павлодар ауданының Чернорецк орта мектебінің оқушыларына танымдық экскурсия өткізілді.

Балалар өрт сөндіруші мамандығымен жақынырақ танысты, қызметкерлердің күн тәртібімен, өрт сөндіру және құтқару жұмыстарында күнделікті қолданылатын өрт техникасы мен жабдықтарымен танысты. Экскурсияны Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Алмаз Карпбаев жүргізіп, мамандықтың ерекшеліктерімен жеткізді.

Сонымен қатар, оқушылар Департаменттің өртке қарсы мұражайына барды, мұражай меңгерушісі Гүлнара Закуанқызы Сейілханова Павлодардағы өрт сөндіру бөлімшелерінің қалыптасуы және даму тарихымен таныстырды, қонақтар бірегей экспонаттар мен мұрағаттық фотосуреттерді көрді.

Аталмыш іс-шаралар өскелең ұрпаққа өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығын жақсы түсінуге және қауіпсіздік мәдениетіне қосылуға көмектеседі.