
Төтенше жағдайлар департаментінде жер сілкінісінің салдарын жоюға бағытталған күштер мен құралдарды түзету бойынша жұмыс кеңесі өтті
Бүгін Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденовтың төрағалығымен "Жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға бағытталған күштер мен құралдарды түзету" тақырыбында жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске жер сілкінісінің салдарын жоюға ден қоюға тартылған облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында авариялық-құтқару құралымдарының дайындығы мен жедел ден қою мәселелері талқыланды, техника мен жеке құрамды тасымалдау бағыттары нақтыланды, сондай-ақ жағдайдың ықтимал өршу жағдайында қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл схемалары қайта қаралды.
Зардап шеккен халықтың логистикасы, байланысын ұйымдастыру және тіршілігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша ден қою жоспарларын өзектендіру және қажетті ресурсты нақтылау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Осындай кеңестерді өткізу барлық тартылған бөлімшелердің іс-қимылдарын тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге және ықтимал төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.