Павлодар облысы Ақсу қаласы ТЖД қызметкерлерімен ауқымды профилактикалық рейдтік іс шара өткізілді

Павлодар облысы Ақсу қаласы ТЖД қызметкерлерімен ауқымды профилактикалық рейдтік іс шара өткізілді

Павлодар облысы ТЖД Ақсу қаласының қызметкерлері және Ақсу қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, “Идрисова” ЖК, “Энергетик” және “Энергетик Аксу ш.а.” саяжай алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді.

Көктем-жаз маусымының басталуына байланысты қала тұрғындарының саяжай учаскелеріне шығуы жиілейтін кезеңде өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесі өзекті бола түсуде.

Рейд барысында Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлері саяжай иелеріне құрылыстарға жақын жерде қоқыс жағуға, қараусыз ашық от жағуға болмайтынын, аумақты құрғақ шөп пен қоқыстан жүйелі түрде тазалап отыру қажеттігін еске салды. Сонымен қатар, саяжай иелеріне өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жазылған жадынамалар таратылды. Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері бұл талаптарды сақтау ірі өрттердің алдын алып, азаматтардың мүлкін, денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесетінін атап өтті.

Мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жалғасын табады, себебі профилактика – жеке сектор мен саяжай учаскелерінде өрттің алдын алудағы негізгі құрал болып табылады.

Ақсу қаласының ТЖБ барлық тұрғындарды қырағы әрі жауапты болуға, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне дереу хабарлауға шақырады.

Рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы 1-бөлігі бойынша құрғақ өсімдіктерді жаққаны үшін екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.