Басымдық - кәсіби деңгейді арттыру

Басымдық - кәсіби деңгейді арттыру

Министрліктің анықтау басқармасының нұсқауы бойынша департамент базасында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Департаментінің өкілімен бірлесіп ұйымдастырылған анықтаушылармен сабақ өткізілді.

Кездесу тақырыбы есепке алу — тіркеу тәртібіне арналды. Құқық қорғау органдарының жұмысындағы заңдылық пен объективтілікке тікелей әсер ететін маңызды бағыт екені жеткізілді. 

Сабақ барысында келесілер қаралды:

- қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу тәртібі;

- есеп құжаттамасын жүргізудегі типтік бұзушылықтар мен қателіктер;

- аталған саладағы прокурорлық қадағалау практикасы.

Хабарламаларды бастапқы тексеруге қойылатын талаптарға, сондай-ақ есепке алу-тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тәжірибеден нақты мысалдарды бірлесіп талдау теориялық білімді бекітуге және жұмысты жетілдіру жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.