Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері сенбілік өткізді

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері сенбілік өткізді

Тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дәстүрлі көктемгі сенбілікке қатысты.

Іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді: қоқыстарды жинау, қураған шөпті жерлерді тазарту туралы және гүлзарларды жөндеу сияқты жұмыстар атқарылды. Мұндай бастамалар санитарлық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.