Ашық терезе-балаларға қауіп төндіреді

Ашық терезе-балаларға қауіп төндіреді

Жылы күндердің басталуымен көп қабатты үйлерді желдету үшін терезелер ашылады, бұл балаларға қауіп төндіруі мүмкін.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетпеуін болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар шеңберінде білім беру мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, балабақшалар мен мектептерде тақырыптық сабақтар, жадынамалар мен плакаттар таратылып жатыр.  

ТЖ департаменті тұрғындарды мұқият болуға және қайғылы жағдайларға тап болмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Мәселен, 2024 жылы облыс аумағында балалардың терезеден құлауының 13 жағдайы тіркелді, соның салдарынан екі бала қаза болды.

Негізгі себеп - ересектердің бақылаусыздығы, сондай-ақ терезелердің ашық қалғандығы. Терезелердегі москит торлары балаға жалған қауіпсіздік сезімін тудырады. 

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды келесі әрекеттерді қатаң сақтауға шақырады:

* кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;

* терезелерге торларды, арнайы құлыптау құрылғыларын орнату қажет;

* балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіру;

* бала терезеге көтерілмеу үшін үйдегі жиһазды алшақ қою қажет.

Балалардың қауіпсіздігі, ең алдымен, ересектердің назары мен жауапкершілігіне байланысты.

Балаларға қамқор болыңыз!