Су тасқыны мерзіміне дайындықтың екінші кезеңі шеңберінде Тереңкөл ауданында су басу қаупі бар елді мекендеріне аралау жүргізілді. Жұмысқа аудан әкімі, сондай-ақ Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қатысты.
Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне, ТЖ жағдайындағы күштер мен құралдардың қамтамасыз етілуіне, халықты уақытша орналастыру пункттерінің дайындығына, сондай-ақ еріген су деңгейін бағалауға басты назар аударылды. Мамандар шұғыл жағдайлар туындаған кезде қажетті техниканың, керек жарақтардың, эвакуациялау жоспарларының және қызметтердің өзара іс-қимылының болуын тексерді.
Аталмыш тексерулер жергілікті жерлердегі жағдайды бақылап қана қоймай, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ықтимал қауіптерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.