Театр сахнасындағы кішкентай көрермендерге өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуы туралы еске салынды

Театр сахнасындағы кішкентай көрермендерге өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуы туралы еске салынды

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрымен бірлесіп. "Отпен ойнама" атты ерекше репертуарлық спектакль ұйымдастырды. Әсіресе балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері тақырыбында театрландырылған қойылымдар дайындалды.

Сондай-ақ, жұмысшы мамандығы жылы аясында ТЖД қызметкерлері өрт сөндірушілер қызметінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін балаларға көрнекі түрде көрсету және түсіндіру үшін жабдықтар, арнайы құралдар дайындады.  

Іс - шараның негізгі мақсаты-кіші буын оқушыларының назарын тұрмыстық және көшедегі қауіпсіздік сияқты маңызды мәселелерге аудару ғана емес, сонымен қатар балаларды төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету.

Театр сабағына қатысқан оқушылар қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын қолжетімді түрде түсіндірген әртістердің ойынын қызығушылықпен тамашалады. Жарқын кейіпкерлер мен жағдайлардың көмегімен балалар қарапайым ережелерді бұзған кезде қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін және қиындықты болдырмау үшін не істеу керектігін көре алды. Алған білімдерін интерактивті түрде бекіту үшін аниматорлар балалармен бірге ТЖ жағдайында жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін қайталады.  

Кішкентай тыңдаушылар ұйымдастырылған іс-шараға риза болды.

Төтенше жағдайлар департаменті халық арасында ТЖ кезінде қауіпсіздік шараларын арттыруға бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударады.