Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазақтелеком" АҚ ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты төтенше жағдайлар туындаған кезде үйлестірілген іс-қимылдарды пысықтау, сондай-ақ объект қызметкерлерінің ықтимал өрттерге жедел ден қоюға дайындығын тексеру болды.
Іс-шараға өрт сөндіру бөлімдерінің, жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері, сондай-ақ негізгі, арнайы және көмекші техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, ғимараттың бір бөлмесінде шартты өрт орын алып, қатты түтінге оранды. Дабыл сигналы бойынша қызметкерлерді шұғыл эвакуациялау басталды, сонымен бірге өрт орнына өрт сөндіру техникасы жедел келді. Құтқарушылар тез арада барлау жүргізді, зардап шеккендерді шартты түрде эвакуациялады, өрт ошағын жойды және түтінді жою бойынша іс-шаралар өткізді.
"Қазақтелеком" АҚ қызметкерлері оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде қажетті іс-қимылдарды пысықтады: уақтылы құлақтандыру, қауіпсіз эвакуациялау және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасалды.
Іс-шара соңында азаматтық қорғау өкілдері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, өрт туындаған кездегі тәртіп ережелерін және жұмыс орнында өртке қарсы талаптарды сақтаудың маңыздылығын еске салды.