24 жылдан астам мінсіз қызмет!

24 жылдан астам мінсіз қызмет!

Павлодар облысы ТЖД басшылығы, Ардагерлер кеңесі Ерік Серікұлы Айтмахановты 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады.

Ерік Серікұлы - Ертіс өңірінің тумасы. Баянауыл ауылында туып-өскен. Орта мектепті бітіргеннен кейін әскер қатарына шақырылды.

Красноармейка ауылшаруашылық техникумында механик мамандығы бойынша оқыды. 1990 жылы өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімшесіне қызметке қабылданды.

24 жылдан астам уақыт бойы ардагер өрт сөндіруші лауазымында қызмет етті, орын алған көптеген өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюға ат салысып, адамдардың өмірін құтқаруға белсенді ат салысты. Ерік Серікұлы өзінің қызметтік борышын абыроймен  орындап, лайықты демалысқа шықты.

Айта кету керек, мерейтой иесі ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысады. Ардагердің жұбайы ТЖ Департаментінде кезекші операторы болып жұмыс істейді.

Басшылық, жеке құрам және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қакима Хайрулловна ардагерді мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық және ұзақ жылдар тіледі.