
Өрт қауіпті кезеңге күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында ТЖ министрлігі "Ертіс орманы" МОТР РММ-де өртті ерте анықтау жүйесін тексеруді ұйымдастырды.
Бұл жүйе "Ертіс орманы" резерватының аумағында орнатылған бейнекамералар мен термовизиялық датчиктерден тұрады, олар өрттерді ерте кезеңде тіркеуге, нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге және олардың координаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Барлық ақпарат ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына, Павлодар облысы ТЖД және "Ертіс орманы" МОТР РММ ЖБО-ға жіберіледі.
Осы жүйенің дайындығын тексеру және ден қою мақсатында резерватта шартты өрт ұйымдастырылды, ол жүйемен анықталды және жану ошағының координаттарын көрсете отырып, сигнал күштер мен құралдарды орнына жіберу үшін ҚР ТЖМ командалық орталығына, ТЖД және "Ертіс орманы" МОТР РММ ЖБО-ға жіберілді.
Инспекциялау нәтижелері бойынша жүйенің жұмысы оң бағаланды. Айта кету керек, заманауи цифрлық технологияларды енгізудің арқасында өрт ошақтарын ерте кезеңде уақтылы анықтау жеделдігі артып келеді, бұл ТЖ-ға жедел ден қоюға ықпал етеді.