
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті қысқы кезеңде су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін іс-шаралар кешенін өткізеді.
Акция басталғаннан бері 2720 адамның қатысуымен 1051 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, 3705 азаматқа нұсқау берілді, жадынамалар саны бірдей берілді, әлеуметтік желілерде 614 материал орналастырылды.
Айта кету керек, қысқы кезеңде облыс аумағында жыл сайын 13 мұз өткелі ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта Май ауданында орналасқан барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бір өткел жұмыс істейді.
19 қаңтарға қараған түні Шомылдыру рәсіміне байланысты облыс аумағында шомылу үшін 11 орын ұйымдастыру жоспарлануда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық учаскелерде ТЖ жөніндегі өңірлік Департаменттің жеке құрамының кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.
Павлодар облысының ТЖД "Шомылдыру рәсімі" кезінде ережелердің қатаң сақталуын еске салады! Тыйым салынады:
- құтқару қызметтері мен медицина қызметкерлерінің өкілдерінсіз белгіленбеген жерлерде шомылу;
- балаларды ата-анасының немесе ересектердің қарауынсыз шомылу;
- суға тікелей мұздан сүңгу;
- шомылу орнын ластау және бітеу;
- алкогольдік ішімдіктерді ішу, мас күйінде шомылу;
- иттерді және басқа жануарларды өзіңізбен бірге алып келмеу қажет;
- мұзда, гардеробтарда қағаз, шыны және басқа да қоқыстарды қалдыруға болмайды;
- жалған дабыл қоңырауларын беруге болмайды;
- шомылу орнына автокөлікпен баруға тайым салынады.
Есіңізде болсын, қысқы жүзу кезінде суық тию және созылмалы (өршу сатысында) аурулардың өршу кезінде түсіге болмайды.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болсаңыз - "112", "101" ұялы телефонынан барлық шұғыл қызметтерді шақыру болады.