"Мұз" акциясы аясында Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілерінде оқиғалардың алдын алу шараларын жүргізуде.
Рейдтер барысында, ең алдымен, халықпен, балықшылармен әңгімелер өткізіледі, парақшалар тапсырылады, мұздағы қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Осы талаптарды елемейтін, мұзға рұқсатсыз шығуды жүзеге асыратын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ облыс аумағында су объектілеріне, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып мониторинг жүзеге асырылады.
Акция бастау алғаннан бері Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерімен 475 рейдтік іс-шара өткізілді, 1498 адамға нұсқау берілді, 1547 жадынама таратылды. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарын елемеген 54 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп атап өтті, Павлодар облысы ТЖД бастығы - Рустамбек Амрин.
Павлодар облысы ТЖД еске салады!
- Мұзда балық аулау кезінде жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болған кезде жол беріледі.
РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ!
- Тәуліктің қараңғы уақытында, мұз қату және еру кезінде мұзға шығуға болмайды;
- Мұздың жұқа және қатаймаған жерлеріне шықпаңыз;
- Мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топпен жиналуға тыйым салынады;
- Мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға болмайды;
- Көлік құралдарымен өткелдер үшін арнайы бөлінген орындардың шекарасынан тыс мұзға шығуға болмайды;
- От жағу тыйым салынады;
- 20 сантиметрден аз қашықтықта екі ойық оюға, ал екі ойық жасаған бетте, ойылған мұз 2 метрден аз қашықтықта болмауы тиіс;
- Мұзда құрал-саймандар мен қоқыстарды қалдырыңыз;