
Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқару органдары мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің төтенше жағдайларға жедел әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталған 2024-2025 жж. қысқы кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайрат Шаймарденов Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Бұған дейінгі қысқы жағдайлар ескеріліп және оларға талдау жасай отыра, барлық дайындық кезеңдерін қамтитын «Кешенді шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілді. ТЖ жою және Ресейдің шекаралас облыстарымен, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерімен өзара іс-қимыл жоспарлары өзгертілді.
Облыста 10 мыңнан астам адамды орналастыруға болатын 189 жылыту пункті дайындалды, оның ішінде 172 жергілікті жылыту пункті қосымша 2 трассалық медициналық-құтқару пункті, 12 ДЭУ (ДЭП) және 3 мобильді пункті жылыту пункті ретінде пайдаланылады, - деп хабарлады спикер.
Қысқы төтенше жағдайларға ден қою үшін 2021 адамнан және 432 қар тазалау және басқа да техникадан тұратын топ құрылды.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 449,73 км ұзындықтағы 250 аса проблемалық учаскелер анықталды, 270 бірлік арнайы техника және 5400 тоннадан астам көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды.
Соңында Қайрат Шаймарданов ТЖ департаменті мүдделі органдармен бірлесіп, облыс халқының қауіпсіздігі мен жайлылығына кепілдік бере отырып, ықтимал қысқы төтенше жағдайлардың қаупін және залалын азайту бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.